Жеморлық үшін абақтыға түскен тағы бір шенеунік бостандыққа шықты

1116

Жеморлық үшін абақтыға түскен тағы бір шенеунік бостандыққа шықты

 

Ақша жеп, абақтыға түскен тағы бір шенеунік бостандыққа шықты. Бүгін 48 жастағы статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева 5 жылдан кейін үйіне оралды, деп хабарлайды КТК.

2014-ші жылы Астана соты Мешімбаева 7 жылын түрмеде өткізеді деген үкім кескен. Экс-төрайым соңғы 1 жыл 5 айды Алматыдағы қоныс колониясында өткізген екен. Мешімбаева былтыр рақымшылыққа ілігіп, жазсы екі жылға қысқарғанын да айта кетейік.

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы 2009-шы жылы халық санағын өткізуге бөлінген 700 миллионнан астам теңгені жымқырып, түрмеге тоғытылған болатын. Мешімбаеваға тіпті халықаралық іздеу жарияланып, кейін Мәскеуден экстрадицияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу