Женевада Сирия келіссөзінің төртінші кезеңі аяқталды

536

Женевада Сирия келіссөзінің төртінші кезеңі аяқталды

Женевада өтіп жатқан Сирия келіссөзінің төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.

Билік пен оппозиция өкілдері бір үстел басына отырып, бетпе-бет сөйлеспегенімен, бейбітшілікке бетбұрыс бар. Мұндай мәлімдемені БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура жасады.

Тараптар алты жылдан бері жалғасып келе жатқан жанжалды саяси жолмен шешуге бағытталған төрт жоспарды айқындаған. Әңгіме елде сайлау өткізіп, террористермен күрес және конституциялық мәселемен айналысатын инклюзивті басқарушы орган құру төңірегінде болып жатыр.

"Менің ойымша, тараптар келісімге келуге тырысып жатыр. Бұл өте маңызды. Осының арқасында жағдайды ретке келтіруге арналған жұмыс жоспары жасалды. Ең бастысы, мұндағы барлық дін өкілдерін біріктіретін инклюзивті үкімет құру мәселесін қарауға тиіспіз", – дейді БҰҰ-ның Сирия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу