Женевадағы Ұлттар Сарайында Абайдың бюсті ашылды

568

БҰҰ Женева бөлімшесінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған бюстің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Женевадағы Ұлттар Сарайында Абайдың бюсті ашылды

Салтанатты шараға қатысушылардың назарына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында Абайдың 175 жылдығына арналған баяндамасынан үзінділер және Абайдың тарихи отанында оған ашылған ескерткіш туралы фильм ұсынылды.

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валовая БҰҰ-ның 75 жылдығына орай Ұлттар сарайының тарихи ғимаратында бюсттің ашылуының символдық мәні бар екенін атап өтті. Ол қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елдің халықаралық саясаттағы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудағы маңызды рөлі мен жетістіктерін атап өтті. Т.Валовая ұлы ақын, ойшыл және композитор Абайдың шығармашылық мұрасының тек мемлекетіміз үшін ғана емес, бүкіл Еуразия өңірі үшін маңызы зор, сондай-ақ Батыс және шығыс мәдениетін біріктіретін көпір екенін, мысал ретінде Абайдың Лермонтовтың қазақ тіліне аудармалары арқылы неміс ақыны Гёте шығармашылығын таратудағы рөлін келтіретінін атап өтті.

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова өз өмірін ағартушылыққа арнаған Абайдың 175 жылдығы биыл бүкіл әлемде кеңінен атап өтілгенін айтып кетті. Оның айтуынша, Абай шығармашылығы елдер мен халықтардың жақындасуына ықпал етті, оның толеранттылық, махаббат идеялары БҰҰ-ның 75 жылдығында аса өзекті болып табылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу