Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты

762

100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды.

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты. Сафронова бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. 

Сондай-ақ, 800 метрге жүгіруден Маргарита Мукашева қола медаль жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 2:03.83.

Ядро лақтырудан Қазақстан командасының мүшесі Иван Иванов та қола жүлдегерлер қатарында. 

Айта кетелік, Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден Азиядағы үздік үштікке енген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу