4 шілде күні Швейцарияның Лозанна қаласында жеңіл атлетикадан "Гауһар лига" кезеңі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға Қазақстан атынан Ольга Сафронова қатысады. Ұлттық құрама мүшесі 100 метрге жүгіруден бақ сынайды.
Жарыс 5 шілде күні аяқталады. "Гауһар лиганың" 2019 жылғы маусымы 3 мамыр күні Дохада басталды. Турнир 31 тамыз күні Брюссельде мәресіне жетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу