Жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасының" жарыс күнтізбесі жарияланды

416

Атлеттер бәйгесі 23 мамыр күні Марокконың Рабат қаласында басталады.

Жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасының" жарыс күнтізбесі жарияланды

Жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасының" 2021 жылғы маусымға арналған жарыс күнтізбесі жарияланды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Атлеттер бәйгесі 23 мамыр күні Марокконың Рабат қаласында басталады. Ал шешуші кезең 8-9 қыркүйек күндері Швейцарияның Цюрих қаласында өтпекші. Турнирде жалпы есебі 14 кезең жоспарланған.

Әлемдік жарысты қабылдайтын қалалар қатарында Доха, Рим, Осло, Стокгольм, Монако, Лондон, Шанхай, Юджин, Лозанна, Париж және Брюссель бар. 

Айта кетелік, биыл ғаламдық індетке байланысты "Гауһар лигасының" бірнеше кезеңі өткен жоқ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу