Жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде Қазақстан командасы І орын алды

878

Елімізде өткен халықаралық сынға Үндістан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстаннан спортшылар келген болатын. 

Жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде Қазақстан командасы І орын алды Фото: olympic.kz

Алматыда жеңіл атлетикадан Eurasian Athletics Meeting U-20 халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Елімізде өткен халықаралық сынға Үндістан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстаннан спортшылар келген болатын. Біздің команда мүшелері 9 – алтын, 13– күміс және 9 қола медаль еншілеп, жалпы есепте бірінші сатыға көтерілді. 

Қазақстан қоржынында 254 ұпай бар. 

Екінші орында 184 ұпай жинаған Өзбекстан спортшылары. Үшінші сатыға 115 ұпаймен тәжікстандық атлеттер орналасты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу