Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

605

Спортшылар жеңіл атлетиканың 20 түрінен бақ сынап, ерлер мен әйелдер арасындағы эстафета жеңімпаздарын анықтайды. 

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

26-28 шілде күндері Алматының Орталық стадионында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды olympic.kz.

Үш күнге созылатын жарыста спортшылар жеңіл атлетиканың 20 түрінен бақ сынап, ерлер мен әйелдер арасындағы эстафета жеңімпаздарын анықтайды. 

Ел біріншілігіне қатысуға 160 адам өтінім берді. Олардың ішінде 103 ер адам, 57 әйел адам бар. 

Турнирге еліміздің барлық аймағынан, сондай-ақ, Тәжікстаннан спортшылар қатысады. Жеңіл атлетикадан Қазақстанның ең алғашқы чемпионаты 1992 жылы өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу