Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі аяқталды. Ерлер арасында 100 метрге жүгіруден Александр Каспер, 200 метрге жүгіруден Владислав Григорьевтің бағы жанды, деп хабарлайды olympic.kz.
100 метрге жүгіргендердің арасында негізгі бәсекелес астаналық Александр Каспер мен Қарағандыдан келген Виталий Земс арасында өрбіді. Елорданың атынан қатысса да, Алматыда жаттығатын Касперге жеке бапкері Никитенко қалай дұрыс жүгіру керектігін айтып тұрды.
Қосанов Мемориалында Александр өзінің жеке рекордын жаңартқан 10.58. Бұл жолы 10.75 секундпен жеңіске жетті. Виталий Земс мәреге екінші келді (10.98). Үштікте тәжірибелі Григорий Володин бар (11.06).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу