Жеңіл атлетикадан қысқы әлем чемпионаты 2023 жылға ауыстырылды

442

Турнир осымен екінші рет шегеріліп отыр.

Жеңіл атлетикадан қысқы әлем чемпионаты 2023 жылға ауыстырылды

Жеңіл атлетикадан 2021 жылдың наурыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтуге тиіс қысқы әлем чемпионаты екі жылға шегерілді. Бұл туралы Халықаралық жеңілатлетикалық федерациялар қауымдастығының World Athletics баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады olympic.kz.

Алдымен турнир 2022 жылы Сербияның Белград қаласында өтеді. Ал 2021 жылғы доданы коронавирус індетіне байланысты ұйымдастырушылар 2023 жылға  ауыстырды. 

"Біз Қытайдағы ұйымдастырушылармен тікелей байланыс ұстағанымызға қарамастан, әлемдегі ахуалға байланысты көптеген жағдайлар белгісіз күйінде қалып отыр. Жабық ғимараттағы жеңіл атлетика маусымы айтарлықтай ұзақ емес, сол себепті, біз бұл жарысты наурыз айынан кейінгі уақытқа ауыстыра алмаймыз", - деп жазылған хабарлаада. 

Айта кетелік, турнир осымен екінші рет шегеріліп отыр. Бұған дейін бәсеке 2020 жылдың 13-15 наурызында өтуге тиіс болатын.  Жеңіл атлетикадан қысқы әлем чемпионаты 2004 жылдан бері тақ жылдары өткізіліп келеді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу