Жеңіл атлетикалық даярлау орталығы жеке отау тігеді

535

Бұған дейін ол "Астана" олимпиадалық даярлау орталығының құрамында болатын.  

Жеңіл атлетикалық даярлау орталығы жеке отау тігеді Фото: egemen.kz

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарайтын "Астана" Олимпиадалық даярлау орталығының құрамынан Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығын бөліп шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жоба жүзеге асса, Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы тікелей МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне бағынышты болмақ.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгеріс президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық олимпиада резервін әзірлеу мақсатында жасалғалы отыр.

"Жобаны қабылдаудың мақсаты өзіндік жаттығу базасы бар жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығын құру болып табылады және олимпиадалық спорт түрлері бойынша жасөспірімдер, юниорлар, жастар құрама командаларының спортшыларын сапалы даярлауды және алдағы халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген министрліктің түсіндірмесінде.

Жоба 2023 жылдың 17-қаңтарына дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу