2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап марафон мен спорттық жүрістен Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдері қайта басталады, деп жазады Olympic.kz.
1 қыркүйектен бастап аталған спорт түрінің өкілдері Олимпиада жолдамасына таласты бастайды.
Әлемдік ұйымның бұл шешімді қабылдауына қазіргі ахуал түрткі болып отыр. Спортшылар ресми жарыстардың жоқтығынан норматив орындаудың қиындығын алға тартуда.
"Әйгілі марафондардың басым бөлігі күзге ауыстырылып, кейбірі мүлде өтпейтін болды. Пандемияның өршуі көпшілік жарыстың тағдырын шешіп тастады. Осының бәрін ескере келе, бұл шешімді қабылдадық", – дейді World Athletics басшысы Себастьян Коэ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу