Қазақстан жеңіл атлеттері Лондонда 4-13 тамыз аралығында өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды inform.kz.
Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы федерациясы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың қандай норматив орындауы керек екенін де жария етті. Лондонға жолдама алу үшін, спортшылардың 2016 жылдың 1 қазаны мен 2017 жылдың 1 маусымы аралығында көрсеткен көрсеткіші басты назарға алынады. Яғни 5 айдағы көрсеткіші нормативте белгіленген шарттарға сәйкес келсе, Британия астанасында өтетін біріншілікке жолдама алады. Ал белгіленген уақытқа дейін немесе сол уақыттан кейін жасалған жетістік ескерусіз қалмақ.
Осының арқасында, еліміздің 5 атлеті нормативті мерзімінен бұрын аяқтап, лицензияға қол жеткізді. Тағы 4 спортшы спорттық жүрістен, 1 спортшы марафоннан нормативте белгіленген тапсырманы орындап қойған. Енді алдағы күндері спортшылардың қатары артуы мүмкін.