26 шілде күні Кентау ҚІІБ –не, Кентау – Түркістан тас жолының бойында ЖКО орын алды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен полицейлердің анықтағаны, "Ауди" автокөлігінің 1975 жылғы жүргізушісі рөлді басқара алмай қарсы бағытқа шығып, Кентау – Түркістан бағытына қарай келе жатқан 1987 жылғы азаматтың басқаруындағы жолаушылар тасымалдайтын "Газель" автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болған.
Ал "Газель" автокөлінің ішінде болған 7 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімен ҚР ҚК – нің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп –тексеру амалдары жүргізілуде.