Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы құрылмақ

906

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы құрылмақ

Ақмола облысында жеңіл өнеркәсіп қауымдастығын құру жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанованың қатысуымен өткен іскер әйелдердің өңірлік кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы осы саладағы кәсіпорындардың басын қосып қана қоймай, ортақ мәселелерді шешуге, жаңа әріптестерді іздеуге, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтып, өнімділікті арттыруға жәрдем жасамақ.

"Біз бүгін өзімді ғана емес, қарамағымыздағы жұмысшылардың біліктілігін арттыруымыз қажет. Мамандардың білімін жетілдіру үшін тәжірибелі бизнес жаттықтырушылар мен коучейлерді тарта отырып, түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру қажет", деді Лаззат Рамазанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу