Жеңіл өнеркәсіп: Қазақстанның қай өнімдеріне шетелден сұраныс бар

1154

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие жеңіл өнеркәсіп өнімдерін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Жеңіл өнеркәсіп: Қазақстанның қай өнімдеріне шетелден сұраныс бар

ИИДМ мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-мамырда жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі 28,4 млн доллар болды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% жоғары.

Сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие өнімдер төмендегідей:
- мақта-матадан жасалған төсек-орындары (4,1 млн доллар немесе 14,3%);
- жолақтардан, полиэтиленнен немесе полипропиленнен жасалған қалыптардағы өзге де қаптар мен буып-түю пакеттері (3,4 млн доллары немесе 12%);
- құрамында 85% және одан көп мақта бар мақта-мата иірімжібі (2,8 млн доллар немесе 10%);
- құрамында 85% немесе одан көп мақта бар мақта-мата (2,7 млн доллар немесе 9,5%);
- ылғал күйдегі ірі қара мал терісінен жасалған иленген былғары немесе былғары краст (2,4 млн доллар немесе 8,5%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу