Жеңіл өнеркәсіп саласы қашан қарқын алады? – министр жауабы

223

Жеңіл өнеркәсіп саласында 720 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. 

Жеңіл өнеркәсіп саласы қашан қарқын алады? – министр жауабы Фото: freepik

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сенатта өткен парламенттік тыңдауда елдегі жеңіл өнеркәсіп саласы қалай дамитынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"2024 жылы салада 23,4 млрд теңгеге инвестициялық жобаның іске қосылуы жоспарланып отыр. Бұл 720 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде Шымкент қаласында тоқылған шұлық шығаратын BALABI TEXTILE, Ақтөбеде жүнді өңдеу арқылы құрылыс материалдар шығаратын KazFeltec, Шымкентте мата өндіретін Шабитекс жобаларын атап өтуге болады. Жалпы 2026 жылға қарай жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемін 250 млрд теңгеге және экспортты 200 млн долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - деді Қанат Шарлапаев.

Министрдің дерегінше, жеңіл өнеркәсіп жобаларына қарыз 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша беріледі. 

"Тоқыма саласын дамыту және мектеп формасын өндірушілерді қолдау мақсатында тоқыма кәсіпорындарын құру кезіндегі инвестициялық шығындарды өтеу механизмдері пысықталып жатыр", - деп толықтырды Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу