Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорынның 80% жұмысшы санын қысқартуға мәжбүр

853

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорынның 80 пайызы жұмысшы санын қысқартуға мәжбүр, деп хабарлайды Atameken Business.   

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорынның 80% жұмысшы санын қысқартуға мәжбүр

Себебі, сұраныс жоқ. Ал билік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мардымсыз. Кәсіпкерлер одағының мәліметінше, қазір нарықта ірі 13 нысан ғана жұмыс істеп тұр. Оның өзінде олар мемлекеттік тапсырыс арқылы күн көруде. Егер бұлай жалғаса берсе, саладағы 200-ге жуық орта бизнес жабылуы мүмкін. Ал 700-дей шағын кәсіпорын күйреді деуге болады. Сол себепті,  салықтық жеңілдік беру, несие мен аренда мәселесін шешу маңызды дейді одақ басшылары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу