Жеңіл өнеркәсіп саласындағыларға жеңілдетілген несие беріледі

176

Биыл Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында 600-ге жуық жұмыс орнын құра отырып, 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.  

Жеңіл өнеркәсіп саласындағыларға жеңілдетілген несие беріледі Фото: gov.kz

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында жүнді терең өңдеу жобасы, Түркістан облысында тоқыма бұйымдарын өндіретін мақта кешені және Шымкент қаласында тоқылған шұлық өндіру жобасы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Саланы дамыту үшін жеңіл өнеркәсіпті дамыту және мақта-тоқыма кластерін құру бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту және мақта-тоқыма кластерін құру бойынша жол картасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жол карталары келесі негізгі іс-шараларды қамтиды: мемлекеттік қолдау шаралары, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті және бәсекеге қабілеттілікті арттыру, кадрлық әлеуетті, экспорттық әлеуетті арттыру қарастырылған.

"Саланы қолдау мақсатында жеңіл өнеркәсіп жобаларын "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы соңғы қарыз алушылар үшін жылдық жеңілдетілген қаржыландыру көзделген. Бұл қаржыландырудың басқа несиелендіру құралдарынан артықшылықтары: төмен пайыздық мөлшерлеме – стандартты коммерциялық несиелермен салыстырғанда әлдеқайда қолжетімді,  ұзақ мерзімді және икемді шарттар – өндірістік жобаларды іске асыруға қолайлы қаржыландыру механизмі болып табылады", – деді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу