Жеңіл табиғи минералды су өндірісі ресми түрде іске қосылды

2231

 Жеңіл табиғи минералды су өндірісі ресми түрде іске қосылды

Мемлекет қолдауының арқасында Көкшетау қаласында өмір жасын ұзарта алатын қасиеті бар қазақстандық жеңіл табиғи минералды су өндірісі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ғылым қорынан.

Жеңіл су 2011 жылы ашылып, TURAN атты брендпен бутилденіп келді. Ендігі сәтте, барлық ғылыми дәлелді зерттеулерден өте келе, TURAN суы "жеңіл су" деп аталу құқығына және еліміздің барлық дүкендерінде жеңіл су ретінде максималды түрде жариялану мүмкіндігіне ие болды.

"Ғылым қоры әлеуметтік маңызы бар қазақстандық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік грант бөледі. Жобаны гранттық қаржыландыруға мақұлдау Ұлттық ғылыми кеңестің сарапшылары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша зерттегеннен кейін беріледі. Жеңіл су Қазақстан халқына судың максималды қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ журналистер, дәрігерлер мен мұғалімдер арасында су туралы қажетті білім алу мүмкіндігін жоғарылату үшін грант бөлінді. Жобаның ғылыми, технологиялық және өнеркәсіптік тұрғыда қолдау алуын, кен орнының экологиясын Көкшетау минералды сулары қаржыландырады", - дейді "Ғылым қоры" АҚ басқармасының төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин.

Айта кетсек, жеңіл су" бұл - дейтерийдің (сутегінің ауыр изотопы) аз мөлшерлілігін көрсететін ғылыми термин. Жеңіл су адам ағзасына, жалпы тірі ағзаларға сауықтыру әсерін тигізе алатындығы және өмір жасын ұзарту, жасарту қасиеттеріне ие екендігі ғылыми дәлелденген. Әлемде жеңіл судың санаулы көздері бар, солардың бірі Қазақстанда орналасқан.

Қазақстандық TURAN табиғи "жеңіл" ауыз суы 2011 жылдан бері құйылып келеді, бірақ тек қазір ғана, көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылыми дәлелдер алынғаннан кейін ғана ол бүкіл мемлекетке, халыққа жеңіл, құрамында дейтерий мөлшері аз су ретінде кең ауқымда таралуда.

Қазақстандық TURAN табиғи минералды жеңіл суы "Бұқпа" учаскесінде "Құскөл" жерасты су кен орнынан табылды. Бұл жерлер қазіргі Бурабай курорты және Көкшетау қаласы бар Көкшетау қыратында орналасқан және кеңес одағының гидрогеологтарымен өткен ғасырдың 80-ші жылдарында ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу