Алматы қаласында екі ер адам жезөкшеге алданғандарын айтып, полиция шақырған. Полиция үшеуін де бөлімшеге апарып, тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дереккөзге сенсек, екі жігіт әйелді азық-түлік дүкеніне дейін іздеп барып, ұстап алған. Сосын оқиға орнына полиция шақырған. Айта кетейік, жеңіл жүрісті әйелді жалға алған ер адам өздерін "алаяқтықтың құрбаны болдық" деп санайды. Оқиға қаланың Алатау ауданында болған.
"Екі жігіт интернеттен интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру тауып, қызбен келісіп, қаладағы қонақ үйдің бірінде кездескен. Қыз ақшаны алғаннан кейін "қазір келемін" деп бөлмеден шығып кеткен. Екі ер адам күте-күте зарыққан соң, әйелді іздеуге шыққан", – деп хабарлайды Полиция департаменті.
Бір қызығы, екі жігіт бойжеткенді жақын маңдағы бір дүкеннен ұстап алып, полиция шақырған екен.
"Полиция үшеуін де аудандық бөлімшеге жеткізді. Қазір тергеушілер мән-жайды анықтап, үшеуінің де әрекетіне құқықтық баға береді", – деп хабарлайды полиция.