Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы машина жасау өндірісіне серпін берді

770

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы машина жасау өндірісіне серпін берді

2018 жылдың 5 айында машина жасау өндірісінің көлемі 12,2%-ға артты, деп мәлімдеді ИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов.

Оның айтуынша, Қазақстанның машина жасау саласы 2015-2016 жылдары дамудың күрделі кезеңдерінен өтіп, былтырдан бері өсім динамикасын көрсетіп келеді. Өсім қарқыны әсіресе автомобиль жасау саласында байқалып отыр.

"Өндірістің күрт өсуіне нарықтағы сұраныстың қалпына келуі, экспорттық нарықтың ашылуы, сондай-ақ автокөлік секторының дамуына оң әсерін тигізетін жеңілдетілген автокредит бағдарламасы себеп болды. 2017 жылы әр үшінші сатылған автомобиль отандық кәсіпорындарда шығарылды. 2018 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша автомобиль жасау өндірісінің көлемі 71,5 млрд теңгеге жетті", - деді Алмас Батанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу