Жеңілдетілген автокредит бағдарламасын жүзеге асыру үшін "Жасыл даму" АҚ-дан қаржы аударылуда – Олжас Сапарбеков

888

ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков жеңілдетілген автокредит бағдарламасын іске қосу үшін "Жасыл даму" АҚ-дан қаржы алатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасын жүзеге асыру үшін "Жасыл даму" АҚ-дан қаржы аударылуда – Олжас Сапарбеков

Оның айтуынша, Үкімет 15 сәуірден бастап жеңілдетілген автокредит берудің жаңа бағдарламасын қаржыландыру туралы жарлық шығарған.

"Оның құны – 100 млрд теңге. Автобус паркін жаңартуға 30 млрд теңге қарастырылған. Жеңілдетілген автокредит бойынша бір көліктің құны – 10 млн теңгеге дейін. Қаржыландыру мерзімі – 7 жыл. Көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы шарт. Бұл бағдарламаға осыған дейін қатысқандар да өтініш бере алады. Бір борышкерге 2 жылда тек бір көлік беріледі", деді Олжас Сапарбеков ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол автокредит екінші деңгейлі банктер арқылы берілетінін жеткізді.

"Бүгінде жеңілдетілген автокредит бағдарламасын жүзеге асыру үшін "Жасыл даму" АҚ-дан қаржы аударылып жатыр", – деді комитет төрағасының орынбасары.

Алайда Олжас Сапарбеков аталған бағдарламаның нақты қашан іске қосылатынын айтқан жоқ.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу