Жеңілдетілген автокредитті беретін банктер саны артуы мүмкін

4569

Бүгінде автомобиль алуға несиені 4 банк береді.

Жеңілдетілген автокредитті беретін банктер саны артуы мүмкін

Қазақстанда жеңілдетілген автокредитті беретін банктер саны артуы мүмкін. Бұл туралы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жеңілдетілген атонесиенің сыйақы мөлшері – 4 пайыз, қаржыландыру мерзімі – 7 жыл. 

"Несие көлемі 10 млн теңге болады, яғни Қазақстанда шығарылған көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы шарт. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна көзделмеген. Көліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, несиеге өтініш білдіруші жетіспейтін ақшаны өз қаражаты есебінен толтырады", – деді басқарушы директор елордада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Ғалымжан Әди бүгінде бұл бағдарламаға 4 банк "Халық банк", "Банк ЦентрКредит", "Форте банк", "Еуразиялық банк" қатысатынын жеткізді.

"Бұлардың қатары әлі де кеңеюі мүмкін. Қазір өнеркәсіпті дамыту қоры басқа банктердің де өтініштерін қарастырып жатыр. Ол өтініштер мақұлданса, банктер саны көбейеді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі бар. Неғұрлым көп адам алу үшін бір азамат мұндай несиені 2 жылда бір-ақ рет ала алады", – деді басшы.

Айта кетейік, бүгін елде жеңілдетілген кредит беру басталды.

Дәурен Ерболат

Фото: Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу