Жеңілдетілген автонесие алу үшін бір күнде қанша азамат өтінім берді?

534

Жеңілдетілген автонесие алу үшін бір күнде екі мыңнан астам азамат өтінім берген, деп хабарлайды Atameken Business.    

Жеңілдетілген автонесие алу үшін бір күнде қанша азамат өтінім берді?

Қазірге өтінімдер банктердің қарауында. Бағдарламаға әзірге екі қаржы ұйымы қатысуда.

Олар: Банк Центр Кредит пен Еуразиялық банк. Ал Халық банкі мен Форте банкке бағдарламаны қаржыландыруға арналған ақша бүгін-ертең түсуі тиіс. Дейтұрғанмен бұл жеңілдетілген автонесеге өтінім қабылдауға кедергі емес, дейді Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілі.

Ал автосалондарда кешегідей дүрбелең жоқ.

Менеджерлердің айтуынша, бюджетті автокөліктерге деген сұраныс артқан. Осы тұста көлік құрастырушы компанияның өкілдері азаматтарды кезекті рет сабырға шақырып, темір тұлпарлар барлығына жетеді деп сендерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу