Жеңілдетілген автонесие: автосалондардың алдын ала төлем талап етуі заңды ма?

Сұраққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берді. 

Жеңілдетілген автонесие: автосалондардың алдын ала төлем талап етуі заңды ма? Фото: Айғақ

Сенат отырысынан кейін журналистер министрден автосалондардың кейде көлік құнының 30% дейін жететін алдын ала төлем талап етуі қаншалықты заңды екенін сұрады.

"Сіз айтып отырған мәселені мен де естідім. Мұндай өзгерістерді автосалондар жасап жатыр дейді. Қазір бұл мәселені құзырлы мемлекеттік органдармен талқылап жатырмыз.

Ұл сұраққа ресми түрде жауап береміз", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Айта кетейік, жеңілдетілген несие берудің қолданыстағы ережелеріне сәйкес, автокөлікті сатып алушы бірінші кезекте автосалонмен келісімге қол қоюы керек.

Тек несие сомасы автокөлік құнынан аз болған жағдайда ғана және тікелей автокөлікті сатып алу кезінде ғана алдын ала төлем жүргізіледі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу