Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта жанданды

1977

 Ел үкіметі бұл мақсатқа 8 млрд теңге бөліп отыр.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта жанданды

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта жанданды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми хабарлады.

Ел үкіметі жеңілдетілген автонесиелеуге 8 млрд теңге бөліп отыр. Бұдан бөлек, лизингке көліктер мен арнайы техника сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

"Қазіргі уақытта аталған қаржы құралдары тұтынушылар үшін қолжетімді болып отыр", – делінген министрліктің хабарламасында.

Жеңілдетілген автонесие арқылы тек отандық көліктерді ғана сатып алуға болады. Несие жеке тұлғаларға 4 пайыздық мөлшерлемемен, 7 жылға дейінгі мерзімге, теңгемен беріледі. Сатып алатын автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспауға тиіс.

Бағдарлама қолға алынған кезден, яғни 2015 жылдан осы жылдың 25 сәуірі аралығында Қазақстанның даму банкі арқылы 61,01 млрд теңгеге 14 171 өтінім келісілген. Оның ішінде 6 екінші деңгейлі банк 58,46 млрд теңгеге 13 599 несие берген.

Еске сала кетейік, Қазақстанның даму банкі бағдарлама операторы болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу