Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтай ма? – министр жауабы

542

Қаражат қоғамдық көлікті жаңғыртуға бағытталмақ.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтай ма? – министр жауабы Фото: inbusiness.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Ақорда кулуарында 4 пайыздық жеңілдетілген автокөлікті несиелеу бағдарламасының болашағы туралы пікір білдірді.

"Жалпы кез келген бағдарлама бар қаражаттың шеңберінде іске асырылады. Қазір оған (ред. – жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына) қосымша қаражат бөлу қазынадан қарастырылып отырған жоқ. Басында "Оператор-РОП" арқылы 100 млрд теңге бөлінді. Оған 13 мың қазақстандық көлік алды. Одан соң бұл бағдарлама револьверді түрде жұмыс істеді. Қазір енді қоғамдық көліктің тозғандығына байланысты қаржыны соған қайта бағыттау қарастырылып отыр. Біздің мақсат – қолдағы бар ақшаны мүмкіндігінше тиімлі пайдалану", - деді ол. 

Ведомство басшысының сөзінше, қаражатты тиімді пайдаланудың бір жолы – күнде 9 млн 300 мың қазақстандықтың қолданып қоғамдық көліктерін жаңғырту.

Тілшілер министрден "Жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиелеу бағдарламасы болмайды деген сөз бе?" деп сұрады.

"Қорытындылай айтқанда, жалпы 100 млрд теңге ақша 4 пайыздық болған болмайды. Ол бағдарламаны әрі қарай қоғамдық көлік алуға бағдарлауды қарастырып отырмыз. Бірақ одан бұрынғы 82 млрд теңге ақша бар. Ол жұмыс істеп тұр. Ол 5 пайыздық бағдарлама болды. Бұл бағдарлама әрі қарай да жалғасады. Дегенмен оны әрі қарай қайда бағыттайтынымызды кейін қосымша тағы хабарлаймыз", - деп толықтырды ИИДМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу