Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына тағы 20 млрд теңге бөлінеді

1280

Ол жыл соңына дейін игерілмек.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына тағы 20 млрд теңге бөлінеді

Қаржының алғашқы траншы еліміздегі 3 банкке аударылды. Ол жыл соңына дейін игерілмек, деп хабарлайды Atameken Business.

Сондай-ақ, сыйақы ставкасы жылдық 4%-дан аспайды. Кредит беру мерзімі – 7 жыл. Қарыз валютасы бұрынғыдай – теңге.

Жеңіл автөкөліктің құны 15 млн теңгеден аспауға тиіс. Ал несиеге алынатын көліктердің отандық болуы шарт.

Осыған орай, қазақстандықтарға әртүрлі брендтерінің 46 моделі ұсынылмақ. Ал оларды несеиеге үлестіру үшін, алдымен 14,5 миллиард теңге екінші деңгейлі 3 банкке аударылды: Халық банкіне – 4 миллиард теңге, Сбербанкке – 7,5 миллиард теңге және Банк ВТБ-ге 3 миллиард теңге бағытталды.

Қалған 5 жарым миллиард теңге жіберілетін қаржы ұйымдары әзірге аталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу