Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы жалғасын тапты

1005

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы жалғасын тапты

Осы аптада екінші деңгейлі банктер жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдай бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл мақсатқа үкімет биыл 8 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген. Бұған дейін екі траншпен бөлінген 26 млрд теңге толық игерілген.

"Бұл бағдарлама мемлекет пен банк жүйесінің және нақты жеке кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты нығайтты", – дейді сала мамандары.

Жалпы өткен жылы отандық автоөндіріс саласы үшін табысты жыл болды. Елімізде құрастырылған 19 мыңнан астап автокөлік сатылған. Бұл 2016 жылмен салыстарғанда 54%-ға  артық. Мамандар биыл да көлік сатылымы кемінде  25%-ға  ұлғаяды деп болжап отыр.

"Биыл отандық автоөндірісте өркендеу болады деп сенеміз. Яғни сатылым көлемінің артуына экономикалық негіз бар. Ол ең алдымен макроэкономикалық тұрақтылық. Сондықтан Қазақстанда құрастырылған танымал брендтердің сатылымы 60 мыңға жуықтауы мүмкін", – деді "ҚазАвтоӨндіріс" одағы басқармасының төрағасы Олег Алферов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу