Жеңілдетілген автонесие беру сайты тексеріледі

698

Жеңілдетілген автонесие беру сайтын қауіпсіздік талаптарына сай екендігін тексеру басталды.  

Жеңілдетілген автонесие беру сайты тексеріледі Фото: elements.envato.com

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, autonesie.kz порталына қатысты азаматтардан шағым көп түскен.

Сәйкесінше, сайттың ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары заңға сай ма екендігін тексеру ісі басталған, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл ресурс ешбір сынақтан өтпегендігі жайлы айтылған болатын. Өнеркәсіпті дамыту қоры мемлекеттік техникалық қызмет тарапынан платформаны тексеру қажеттілігі жоқтығын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу