Жеңілдетілген автонесие бойынша 463 адам төлем шоттарын алды

484

Аutonesie.kz сайтына тіркелгендердің көпшілігі - Алматы қаласынан.  

Жеңілдетілген автонесие бойынша 463 адам төлем шоттарын алды Фото: ult.kz

Одан кейінгі орында Астана мен Шымкент қалалары тұр, деп жазады inbusiness.kz. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат көлемі - 7,6 млрд теңге. Қазіргі таңда 463 қатысушы автосалондарға барып, төлем шоттарын алған. Көш басында – Астана қаласы тұр. Ал, ең соңғы орында - Батыс Қазақстан облысы.

Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, Hyundai мен Chevrolet автомобиль брендтері жоғары сұранысқа ие болған.

Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген автонесие алуға 761 өтінім мақұлданған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу