Жеңілдетілген автонесие бойынша екі банкке қаржы бөлінді

1170

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ "Еуразиялық банк" АҚ және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ға жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша кезекті транштардың бөлінгені туралы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Жеңілдетілген автонесие бойынша екі банкке қаржы бөлінді

Бөлінген лимиттер мөлшері:
"Еуразиялық банк" АҚ – 10 млрд теңге;
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ – 7,5 млрд.

Осылайша, бағдарлама аясында қатысушы банктерге 90 млрд теңге аударылды, оның ішінде:
"Еуразиялық банк" АҚ – 25 млрд теңге;
"Банк Центр Кредит" АҚ – 27,5 млрд теңге;
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ – 22,5 млрд теңге;
"Forte Bank" АҚ – 15 млрд.

"Бөлінген транш игерілгеннен кейін 10 млрд теңге көлеміндегі қалған лимит "Еуразиялық банк" АҚ-на бөлінеді. Бүгінгі таңда қатысушы банктер жалпы сомасы 82 млрд теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 автокөлік берді", – деп хабарлады қор. 

Айта кетерлігі, бөлінген жалпы сомасы 90 млрд теңгеден 8 млрд теңге қалды. Бұл сома шегінде автонесие алуға өтініштерді тек "Еуразиялық банк" АҚ мен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толығымен игерді.

"Жаңа автонесиелерді одан әрі беруді қатысушы банктер бастапқы қарыз алушылардың өтелген кредиттік төлемдері есебінен револьверлік несиелеу механизмі шеңберінде жүзеге асыратын болады", – деп хабарлады "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу