Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша банктер өтінім қабылдамайды

782

Бұл бағдарлама жабылады деген сөз емес.

Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша банктер өтінім қабылдамайды

Бағдарлама бойынша бөлінген 100 млрд теңге көлеміндегі қаражат игерілген, деп жазады inbusiness.kz Өнеркәсіпті дамыту қорына сілтеме жасап.

Еліміздегі екінші деңгейлі банктер қаржыландыру лимитіне сәйкес өтінімдерді мақұлдаған. Бүгінде бағдарламаға қатысып жатқан банктердің ешқайсысы да өтінімді қабылдамайды.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске асыру мерзімі – 30 жыл. Осы жылдың екінші жартысында екінші деңгейлі банктерде қайтарымды қаражат есебінен жаңа өтінімдерді қаржыландыру мақсатында лимиттер босатылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу