Жеңілдетілген лизинг: Ауылшаруашылық техникасын алуға 113 өтінім түсті

605

Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы Қостанай облысында 17 тамыз күні беріледі.

Жеңілдетілген лизинг: Ауылшаруашылық техникасын алуға 113 өтінім түсті

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизинг бағдарламасы басталған күннен бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға отандық өндірістің 93 тракторы мен 52 комбайнын сатып алу үшін Қазақстанның 11 өңірінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен жалпы сомасы 9,3 млрд теңгеге 113 өтінім келіп түсті, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталған болатын. Қаржыландырудың жалпы сомасы 40 млрд теңгені құрайды, оған мыңға жуық қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр.

Бағдарламаның шарттары:

Лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%;

Лизинг бойынша бастапқы жарна - 0%;

Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең - 1 жыл.

Жеңілдікті бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған, сондықтан бағдарлама бойынша бір лизинг алушыға - 205 млн теңгеден артық берілмейді және техника үш бірліктен аспауы үшін лимит белгіленген. Лизинг алушыны қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу