Жеңілдетілген микрокредит алуға 2,1 мыңнан астам өтінім түсті

479

Биыл 5 796 микрокредит беру жоспарланған.

Жеңілдетілген микрокредит алуға 2,1 мыңнан астам өтінім түсті Фото: ҚР Еңбекмин

Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбекминге сілтеме жасап.

Микрокредит алуға өтінімдердің ең көбі Жамбыл (380), Түркістан (203), Қызылорда (159), Абай (125) және Жетісу (121) облыстарынан түсті.

Конкурстық комиссияның шешімімен 447 жоба мақұлданып, оның басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Сондай-ақ, микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.

Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Өтінім беру үшін құжаттар пакетін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

жеке басын куәландыратын құжат;

жоба бойынша бизнес-жоспар;

шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;

кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);

қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;

кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.

Осылайша, микрокредит беру туралы шешім комиссиялық және нақты іс-қимыл жоспарымен өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

Қазіргі уақытта микрокредиттер алуға өтінімдер 17 облыста және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қабылдануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу