Жеңілдетілген несие бағдарламасына бөлінген қаржы 800 млрд теңгеге жеткізіледі

701

Кәсіпорындарды қолдауға 200 млрд теңге бөлінеді.

Жеңілдетілген несие бағдарламасына бөлінген қаржы 800 млрд теңгеге жеткізіледі

Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономикалық өсуді қалпына келтіру мақсатында дағдарыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен секторлардағы кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінеді. Үкімет салалар тізбесін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп анықтайды", – деді Ерболат Досаев. 

Оның сөзінше, Ұлттық банк жеңілдетілген несие бағдарламасына бөлінген қаржы 800 млрд теңге жеткізеді. Бағдарлама келесі жылдың соңына дейін жалғасады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу