Жеңілдетілген несиеге 28 млрд теңге бөлінді

1113

Үкімет отырысында cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ішкі нарықты отандық тауармен толықтыру жұмысы жүріп жатқанын жариялады. 

Жеңілдетілген несиеге 28 млрд теңге бөлінді Фото: inbusiness.kz

Министрдің мәлімдеуінше, жұмыртқа мен күнбағыс майына шекті баға енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бағаны тұрақтандыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар жедел шара қолданып жатыр. Мысалы жұмыртқа мен күнбағыс майына шекті баға енгізілді. Әкімшілік шара қолдануға мәжбүр болдық. Тұрақтандыру қорларында 7,1 млрд теңгенің 57 мың тонна азық-түлік қоры қалыптастырылып жатыр. Айналым схемасы аясында жеңілдетілген несиеге 28 млрд теңге бөлінді. Жақын арада тағы 4 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның 3,7 млрд теңгесіне 36 мың тонна азық-түлік қорын қалыптастыру бойынша келісімшарт жасалды", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу