Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын кеңейтуге 8 миллиард теңге берілді

894

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын кеңейтуге 8 миллиард теңге берілді

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы ұлттық қордың 8 млрд теңге сомасындағы қосымша қаражаты есебінен кеңейеді, деп хабарлайды Қазақстанның даму банкінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан даму банкі" АҚ  жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының шеңберінде ұлттық қор қаражатының 8 млрд теңге сомасындағы үшінші траншын екінші деңгейдегі бес банкке (ЕДБ): Halyk Bank, Евразиялық банкке, "Ресей жинақ банкінің" Қазақстандағы еншілес банкіне және "ЦентрКредит" банкіне 1 млрд 875 млн теңгеден, ВТБ еншілес банкіне (Қазақстан) – 500 млн теңге жіберді.

Қарыз алушыларға бағдарлама шеңберінде автокөліктердің "Kia", "Chevrolet", "Skoda", "Hyundai" және басқа брендтерінің 60 моделі ұсынылады, оларды құрастыру "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС және "АЗИЯ АВТО" АҚ кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Қазақстанда 2015 жылғы сәуірде бастау алған, операторы ҚДБ болып табылатын жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 20 жылға есептелген. Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бөлінетін ұлттық қордың қаражаты бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылады. Бұған дейін бағдарламаны іске асыруға ұлттық қордың жалпы сомасы 26 млрд теңге екі траншы жіберілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу