Жеңілдікпен автонесиелеудің үшінші кезеңі іске қосылды

942

Жеңілдікпен автонесиелеудің үшінші кезеңі іске қосылды

"БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының филиалдары жеңілдікпен автонесиелеу мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңі шеңберінде  көлік сатып алуды қаржыландыруға өтініш қабылдай бастады.

Ел үкіметі жеңілдікпен несиелеу мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға қосымша  8 млрд теңге бөліп отыр. "АЗИЯ АВТО" АҚ зауытының өнімін сатып алушылар үшін бағдарламаның операторы ("Қазақстанның даму банкі" АҚ) бөлінген  қаражаттың 50% көлемінде – 4 млрд теңгеге лимит белгілеген.

Мемлекеттік бағдарлама аясында қазақстандықтар "АЗИЯ АВТО" көлік құрастыру зауыты шығарған құны 2 595 000 теңгеден басталатын 30-дан астам көлік моделінен қалағанын таңдай алады.

Бағдарламаның шартына сәйкес, сатып алатын  көліктің ең жоғары құны 15 млн теңгеден аспауы шарт. Несиелеу  мерзімі – 7 жыл.  Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4 %-дан  жоғары емес, сонымен бірге  жылдық тиімді мөлшерлеме  (көлікті сақтандыру мен  кепілге ресімдеу шығындары қоса есептегенде) жылдық 7,5 %-дан аспауға тиіс.  Бастапқы жарна – 0% (серіктес-банктің талаптарына қарай), қарыз теңгемен беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу