Жеңілдікті дизель отынын бөлу ерекше бақылауда болуы тиіс – Смайылов

Егістік жерлердің жалпы ауданы және жанар-жағармайға қажеттілігі бар шаруалардың деректер базасын құру жоспарланып отыр. 

Жеңілдікті дизель отынын бөлу ерекше бақылауда болуы тиіс – Смайылов Фото: google

Үкімет басшысы жеңілдікті дизель отынын бөлу жұмыстары да ерекше бақылауда болуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алып-сату мен қолдан жасалған тапшылыққа жол бермеу керек. Бөлінген дизель отынын басқа жаққа "жасырын сататын" операторларға барынша қатаң шара қолдану керек", — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, аумақтар бойынша егістік жерлердің жалпы ауданы және жанар-жағармайға қажеттілігі бар шаруалардың деректер базасын құру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу