Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы NABF Junior белбеуін жеңіп алды

529

Бұл белбеу WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) титулдары жүйесіне кіреді.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы NABF Junior белбеуін жеңіп алды

Қазақстандық Мадияр Әшкеевтің ісін жүргізетін америкалық белгілі менеджер Эгис Климас боксшыны титулды жекпе-жектегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін кәсіпқой карьерасында жеңіліп көрмеген қазақстандық бірінші орта салмақта бос тұрған NABF Junior (Солтүстік Американың бокс федерациясы) белбеуін жеңіп алды. Бұл белбеу WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) титулдары жүйесіне кіреді.

АҚШ-тың Тусон қаласында өткен бокс кешінде Әшкеев жергілікті боксшы Сесил Маккалланы жеңді.

"NABF Junior белбеуін жеңіп алған Мадияр Әшкеевке бар ізгілікті тілеймін", – деп жазыпты Климас Instagram желісінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу