Жеңіліп көрмеген Жүкембаев қарсыласын 64 секундта нокаутқа түсірді

807

Жеңіліп көрмеген Жүкембаев қарсыласын 64 секундта нокаутқа түсірді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда өткен бокс кешінде бірінші орта салмақта кездесу өткізіп, қарсыласын 64-ші секундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жектің басты ойыншылары жергілікті боксшылар Ив Юлисс (14-0, 9КО) пен Стив Кладжет (25-4-1, 17КО) болды, осы бокс кешінің андеркартында Жүкембаев Хосе Эмилио Переаны жеңді.
Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның тоғызын нокаутпен жеңген. Ал Переа осымен тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ал жеңіс саны - 24 (15-і нокаутпен).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу