Салтанатты кеш кезінде Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, бапкерлер, сала мен түрлі мекемелердегі өзге де таңдаулы мамандарды, спорт журналистерін марапаттап, жыл бойы атқарған еңбегіне құрмет көрсетті, деп жазады inbusiness.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазылар алқасы таңдаған 14 номинация бойынша 20 үздік келесідей:
- "Жылдың үздік спортшысы" – Жәмила Бақбергенова (жазғы спорт түрлерінен) мен Александр Герлиц (қысқы спорт түрлерінен);
- "Жылдың үздік жаттықтырушысы" – Нұрсұлтан Теміров (жазғы) пен Антон Жданович (қысқы);
- "Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы" – Ұлттық коньки тебушілер федерациясы
- "Жылдың үздік спорт мекемесі" – Атырау облысы "Мүгедектердің спорт ұйымы";
- "Жылдың үздік спорт өңірі" – Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы;
- "Ауылдағы үздік жаттықтырушы" – Дастан Канатбекұлы Балабеков (Жетісу облысы);
- "Дене шынықтыру және спорт бөлімінің үздік маманы" – Ирина Новикова мен Елена Галиц (Астана);
- "Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы" – Самат Сапишев (Шымкент);
- "Ойын түрлері бойынша үздік спорт командасы" – "Қуаныш" волейбол клубы (СҚО);
- "Ауылдағы үздік дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері" –Бекжан Адамбеков (Түркістан облысы);
- "Жыл жаңалығы – үздік спортшы" – Елена Рыбакина;
- "Жылдың үздік меценаты" – Қайырбек Сәдуақасұлы Хамзин (СҚО);
- "Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы" – Алан Құрманғалиев (үстел теннисі), Евгений Федоров (велоспорт), Мария Бровкова (каноэде ескек есу);
- "Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік спорт журналисі" номинациясы – Аслан Қаженов (Үздік телевизиялық репортаж), Ғалым Сүлеймен (Үздік фоторепортаж), Бек Төлеуов (Үздік жарияланым).
Жылды қортындылайтын бұл сыйлық енді дәстүрлі түрде өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу