Жеңімпаздың қанжығасына 20 мың доллар байланады

719

Жеңімпаздың қанжығасына 20 мың доллар байланады

"Қазанат" ипподромында 6 шілде күні бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

"Астана кубогы" сарапқа салынатын ұлттық спорт мерекесі екі қашықтық бойынша (аламан - 25 шақырым, бәйге - 16 шақырым) ұйымдастырылады.

Жарысқа еліміздің барлық облыстарымен Астана, Алматы қалаларының тұрғындары  2 жүйріктен қоса алады.

Бәйгенің жалпы жүлде қоры - 20 млн теңге. 25 шақырымды құрайтын аламан бәйгенің бас жүлдесі - 20 мың доллар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу