Жеңіс Қасымбек Арысты аралады

819

Әр өңірге міндеттеліп, тапсырылған нысандардағы жұмыс барысын тексерді.

Жеңіс Қасымбек Арысты аралады

ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді, деп хабарлайды  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен вице-премьер Атырау облысына қарасты №1 сектордағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты. Ол аумақта 482 үй орналасқан. Зақымданған 431 үйдің қазіргі таңда 3-уі толық жөнделген. Ал BI Group компаниясы осы сектордағы 88 үйді қалпына келтіру жұмыстарын қолға алып отыр. Жұмысшы топ кейін Нұр-Сұлтан қаласына қарасты №9 секторға аялдады. Онда 655 үй бар. Аумақта қайта қалпына келтіруге қажетті 572 баспананың 105-інде құрылыс толығымен аяқталған.

Сонымен қатар, үкімет басшысының орынбасары 1904 жылы іргетасы қаланған "Арыс-1" теміржол вокзалына да аялдады. Мұндағы жұмыстар "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ға міндеттелген. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев шаруа толығымен уақытылы атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Кейін топ Шымкент қаласына қарасты 10-секторда болды. Онда есеп бойынша 652 үй тіркелген. Жөндеуді қажет ететін 604 үйдің 138-інде бүгінде жұмыс толық аяқталған. Бұдан кейін жұмысшы топ қалалық емхана мен орталық стадиондағы жөндеу жұмыстарына көңіл аударды. Іссапар аясында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай қалаларына тапсырылған секторлардағы жұмыстар назарға алынды.

Арыс қаласаның бүгінгі жай-күйімен танысқан Жеңіс Қасымбек сапар соңында шаһарды қалпына келтіру бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын қарқындату қажеттігін тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу