Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жолдады

567

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жолдады Фото: Елорда әкімдігі

"Құрметті астаналықтар!
Сіздермен жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Елордамызды ары қарай бірлесе дамытатын боламыз. Астана – қашанда өзіне еріксіз баурап алатын, тартымды қала болып келеді. Сол сияқты Астананың өзіне тән сұлулығы мен өзіндік ерекше энергиясы бар. Қаламызды одан әрі жайлы да қолайлы ету үшін жұдырықтай жұмылып еңбек етеміз.

Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі мегаполистердің алдында жаңа жаһандық сын-қатерлер мен міндеттер тұр. Астана да солардың қатарында. Экономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылым, қолжетімді әлеуметтік қызметтер – өз жұмысымызда қала өмірі үшін маңызы зор барлық саланы қамтимыз.

Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар, медициналық нысандар және т.б. салуды әрі қарай да жалғастырамыз. Қала тұрғындарының саны, құрылыс көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын ескеріп, жылу, су және электрмен жабдықтау нысандарының қуатын ұлғайту бойынша жұмыс істейтін боламыз.

Әлеуметтік желі – тиімді байланыс құралы. Біз үшін сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Елордамызды ары қарай дамыту бойынша сіздерден ұсыныстар мен идеялар күтеміз", деп жазды елорданың жаңа әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу