Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдады

489

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдады Фото: gov.kz

"Апта сайын азаматтарды жеке қабылдап тұрамын. Онлайн-қабылдау барысында нақты және жүйелі мәселелер көтеріледі. Жүйелі мәселелерді шешу арқылы көптеген адамның қиындығын реттеп, оларға көмек көрсетуге болады.

Қазір біз биылғы абаттандыру маусымының әрі келесі жылдың да жұмыс жоспарын құрып отырмыз. Күн райы жылынған сәттен бастап қалада жолдарды, тротуарларды салу және жөндеу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталады. Сол сияқты қалада әлеуметтік нысандардың (мектептер, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар), құрылысы ұзаққа созылған нысандардың және т.б. құрылысы жүріп жатыр.

Маңызды бағыттардың бірі – тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі нысандарының құрылысын аяқтау. Бұл өз кезегінде жылумен, сумен жабдықтау, электр және т.б. мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қабылдау барысында түсетін проблемалардың шешілуін назарда ұстаймын. Ал азаматтарды қабылдауға egov.kz, e-otinish порталдары немесе қала әкімдігінің кеңсесі арқылы жазылуға болады", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу