Жеңіс Қасымбек бастаған делегация Қытайда болып қайтты

926

Жеңіс Қасымбек бастаған делегация Қытайда болып қайтты

ҚР үкіметі мен ҚХР үкіметі арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісім шеңберінде инвестиция және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының реформалау жөніндегі мемлекеттік комитеті бірлескен инвестициялық жобаларды талқылау бойынша 15-кездесу өткізді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Диалог барысында тараптар индустрияландыру және инвестициялар саласындағы бірлескен жобалардың тізімін қарап шықты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігі және "Қазақ инвест" ҰК"АҚ қолдауымен ұйымдастырылды.

Сапар барысында ҚР ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек инвесторлармен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегі мен қазіргі жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін қытайлық ірі бизнесмендермен 10-нан астам кездесу өткізді.

Бүгінде қытайлық компаниялар жаңартылатын энергия көздері саласындағы қазақстандық жобаларға белсенді инвестиция салуда. Universal Energy компаниясы 400 миллион долларға жуық болатын күн және жел электр станцияларын салу жобаларын жүзеге асырады, биылғы жылы Beijing Jiufang Tianhe New Energy Technology  компаниясы Маңғыстау облысында жел электр станциясы жобасына инвестиция салды. Жобаны 2019 жылы іске қосу күтілуде. Кездесулер барысында Canadian Solar және China Energy Engineering Corporation компаниялар басшылығымен Қазақстандағы күн энергетикасын дамыту жолында одан әрі ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Бірлескен жұмыстың перспективаларын талқылау үшін Horgos Xingbang Trading Co компаниясының басшылығы Қарағанды облысындағы электролиттік марганец өндіретін зауыт салу жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Зауыттың қуаттылығы жылына 60 мың тонна болады. Қытайлық инвестицияның көлемі $ 50 млн-нан асады, құндылығы жоғары бұл өнім Қазақстан үшін инновациялық жоба.

Қытайдың CAMC Engineering Co. компаниясының басшылығымен кездесу барысында Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу бойынша заманауи кешеннің құрылысын талқылады. Бұл жобаға салынған жалпы инвестиция шамамен 300 миллион АҚШ долларын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу