Жеңіс Қасымбек елорда күнімен құттықтады

473

Астана қаласының әкімі Instagram парақшасында елорданың 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Жеңіс Қасымбек елорда күнімен құттықтады Фото: Triplook

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астанамыздың 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Астана - үлкен армандар орындалатын қала.

Елордамызға еліміздің барлық өңірінен адамдар келеді. Мұнда білім алып, карьера жасайды, шаңырақ көтереді. Астанада биік арман-мақсаттардың жүзеге асуы үшін мүмкіндіктің бәрі бар.

Ширек ғасыр ішінде елордамыз арқа даласындағы 300 мың тұрғыны бар шағын қаладан ірі мегаполиске айналды.

Елорда тұрғындары осы уақыт ішінде 4 еседен астам өсті!

Елордамыздың қалыптасу жолында әрқайсысыңыздың орныңыз бар. Әрбір азамат қаламыздың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Елордамыздың дамуы үшін жұдырықтай жұмылып, бірге жұмыс істейміз.

Елорда күні құтты болсын!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, зор жетістік және амандық тілеймін!" – деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу